Ақтүйесай және Ақбұлақ ауылдық округінің тұрғындарымен кездесу

Ақтүйесай және Ақбұлақ ауылдық округінің тұрғындарымен кездесу
Наурыздың 19-20 аралығында Ақтүйесай және Ақбұлақ ауылдық округінің тұрғындарымен кездестім. Кездесу ашық сұрақ-жауап форматын өтті. 2024 жылы атқарылған жұмыстары туралы айтып, 2025 жылға жоспармен бөлістім. Кездесу барысында халықты мазалап жүрген мәселелерге назар аударылды. Олардың ішінде:
- КСТ-57 «»Кішкенекөл-Ақбұлақ облыстық маңызы бар жолдың Ақбұлақ ауылына дейінгі учаскесін күтіп-ұстау мәселесі;
- Жас Ұлан ауылына дейінгі аудандық маңызы бар жолдың жөндеу;
- Ақбұлақ ауылындағы демалыс орталығының жөндеу жұмыстары;
- Ақтүйесай орта мектебіне жаңадан Газель көлігін бөлу.
Барлық көтерілген мәселерлерге түсініктеме беріліп, қосымша қаржыландыруды қажет ететін сұрақтарды жеке бақылауыма алдым. Сондай-ақ, тиісті жауапты органдарға тапсырмалар берілді.