8 наурыз халықаралық әйелдер күні және Наурыз мейрамын мерекелеу күндері аясында 2025 жылғы 05 наурыз күні Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданының Әдеп жөніндегі уәкілі Т.Қ.Сағитов ауылдық округ әкімдері (zoom арқылы) және мемлекеттік мекеме басшылар арасында семинар-кеңес өткізілді.
Семинар-кеңес барысында мемлекеттік қызметшілерге жалпыға бірдей қабылданған моральдық-этикалық нормаларды сақтау, 8 наурыз халықаралық әйелдер күні және Наурыз мейрамын мерекелеу күндері қызметтік әдепті қатаң сақтау, қоғамға жат мінез-құлық, оның ішінде қоғамдық орындарда адамның қадір-қасиеті мен қоғамдық имандылыққа нұқсан келтіретін алкогольдік масаң күйде болу жағдайларын болдырмау ұсынымдар берілді.
Бұдан басқа, мемлекеттік қызметшілер арасында Қазақстандық патриотизмді қалыптастыру аясында, сондай-ақ қазақтың ұлттық құндылықтарын сақтау, ұлттық киімді насихаттау және әйгілендіру мақсатында, мемлекеттік мерекелер қарсаңында мемлекеттік мекемелерде «ұлттық киім күндері» челленджін ұйымдастыру ұсынылған.