6 наурызда аудан әкімдігінің мәжіліс залында аудан әкімінің орынбасары Т.Қ.Сағитовтың төрағалығымен әйелдер және отбасылық – демографиялық саясатының істері жөніндегі комиссиясының отырысы өтіп, келесі мәселелер қаралды:
- Гендерлік және отбасылық - демографиялық саясат бойынша әлеуметтік маңызы бар жобаларды іске асыру туралы;
- Уәлиханов ауданында әйелдер кәсіпкерлігін дамыту туралы;
- 2024 жылдың қорытындысы бойынша әйелдер мен балаларға қатысты отбасылық-тұрмыстық зорлық - зомбылықтың жай - күйін талдау;
- Уәлиханов ауданында балалар мен жасөспірімдерге арналған мектептен тыс мекемелер мен бос уақытты ұйымдастыру орталықтары желісін дамыту және олардың қызметін қамтамасыз ету шаралары туралы.
Отырыс қорытындысы бойынша қаралған мәселелер бойынша нақты ұсыныстар берілді.