Сындарлы диалог

Сындарлы диалог

Бүгін Уәлиханов ауданы әкімі М.Т. Абдулов Ақтүйесай ауылының тұрғындарымен кездесті. Кездесу сындарлы диалог форматында өтті. Кездесу барысында тұрғындардан қатты тұрмыстық қалдықтар полигонын жинақтау және мектеп оқушыларына арналған жаңа "Газель" автокөлігін бөлу туралы сұрақтар келіп түсті. Барлық сұрақтар бақылауға алынып, тиісті органдарға тапсырмалар берілді.