Уәлиханов ауданының әкімі М.Т. Абдуловтың төрағалығымен Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданы әкімдігінің жанындағы төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі комиссияның отырысы

Уәлиханов ауданының әкімі М.Т. Абдуловтың төрағалығымен Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданы әкімдігінің жанындағы төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі комиссияның отырысы

2024 жылғы 19 сәуірде Уәлиханов ауданының әкімі М.Т. Абдуловтың төрағалығымен Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданы әкімдігінің жанындағы төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі комиссияның отырысы өтті.
Комиссия отырысына ТЖК барлық мүшелері, ауылдық округ әкімдері (селекторлық режимде) және аудандық БАҚ өкілдері шақырылды.
Күн тәртібінде 2 мәселе қаралды:
1. Мемлекеттік өртке қарсы қызметі жоқ елді мекендерді өртке қарсы қорғауды, ауданның өртке қарсы сумен жабдықтау жай-күйін, орман және дала өрттерін сөндіруге дайындығын қамтамасыз ету туралы.
2. Су айдындарында азаматтардың қауіпсіздік ережелерін сақтау және 2024 жылғы шомылу маусымы кезінде туындайтын проблемалық мәселелер туралы.
Баяндамашы: Уәлиханов ауданының ТЖ бөлімінің бастығы, азаматтық қорғау подполковнигі А. Жәкенов.
ТЖК отырысының қорытындысы бойынша ТЖК мүшелері мен ауылдық округ әкімдеріне нақты тапсырмалар берілді.