Бұрыннан қалыптасып келе жатқан дәстүр бойынша егін жинау аяқталғаннан кейін ауданның аграршылары өз еңбектерінің қорытындысын шығарады

Бұрыннан қалыптасып келе жатқан дәстүр бойынша егін жинау аяқталғаннан кейін ауданның аграршылары өз еңбектерінің қорытындысын шығарады
 
Қарашаның үшінші жексенбісі Қазақстанда Ауыл шаруашылығы және қайта өңдеу өнеркәсібі қызметкерлерінің күнін атап өтеді. Ауыл шаруашылығы еңбеккерлерінің биылғы жылы жиналған егіні мен істеріне баға береді, олар тәжірибелерімен бөліседі, жақын араға қойылған жоспарлар туралы айтады.
Қарашаның 24-і күні Сәкен сері атындағы аудандық Мәдениет үйінде аудан әкімі Қайрат Пішенбаев Ауыл шаруашылығы және қайта өңдеу өнеркәсібі қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтады.
Мереке иелерін құттықтай отырып, ауданның бірінші басшысы ауыл шаруашылығында еңбек ететін әрбір адамның бейнеті зор бағаланатынын атап өтті. Шынында да, сіздің қажымас еңбегіңіздің, туған жеріңізге деген құрметіңіздің арқасында біздің Солтүстік өңіріміз - ел астығының қамбасы өмір сүріп, дамып келеді.
Адал, көпжылдық еңбегі үшін, ауданның агроөнеркәсіптік кешенін дамытуға қосқан үлесі үшін және кәсіби мереке құрметіне еңбек ардагері Ноғай Иманов мерейтойлық медальмен марапатталды.
Облыс әкімінің Құрмет грамоталарымен Бейсенбай Қаляпұлы Бердіғұлов, «Туған жер» ФҚ механизаторы, Бондарцев Владимир Васильевич, «Родник» ШҚ басшысы, Гришаков Виктор Васильевич, «Алмас» ФҚ малшысы, Өмірзақ Бақытұлы Саханов, «Қызылту ұн үктіру комбинаты» ЖШС қызметкері марапатталды.
Облыс әкімінің алғыс хаттарымен Қанат Қайыржанұлы Әлкенов, Жамбыл ауылының жылқышысы, Қуаныш Сайлауұлы Әренов, «Елбол» фермерлік шаруашылығының басшысы, Ермек Шәкібайұлы Жекебаев, «Жолдасбай-Агро» ФҚ қызметкері, Рахметулла Нәсімұлы Сандыбаев, аудандық ветеринариялық станцияның ветеринар дәрігері марапатталды.
Бірқатар қызметкерлер кәсіби мерекеге орай аудан әкімінің Құрмет грамоталары және Алғыс хаттарымен марапатталды .
Аудандық мәдениет үйінің әртістері, сондай-ақ, өнер мектебі ұжымының қатысуымен үлкен мерекелік концерт берді.