Тағайындау

Тағайындау

Уәлиханов аудандық сайлау комиссиясының 2023 жылдың  27 қарашадағы № 16  қаулысымен  Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданы Көктерек ауылдық округінің әкімі лауазымына Қанат Серікбайұлы Жексембаев тағайындалды.

            Қанат Серікбайұлы 1983 жылдың 15 шілдеде  Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданы Кішкенекөл ауылында дүниеге келген.

            2004 жылы «Фемида» заң академиясын «заңгер» мамандығы бойынша аяқтаған.

            Еңбек жолын 2005 жылы ішкі істер органдарында бастаған. Жұмысқа орналасар алдында 2021 жылдан Уәлиханов ауданы әкімі апппаратында бас маман-терроризмге қарсы комиссиясының хатшысы  ретінде жұмыс атқарған.