«Құрметті ардагер»

«Құрметті ардагер»
Солтүстік Қазақстан облысының ардагерлері қоғамдық бірлестігі төралқасының шешімімен жерлесіміз Кухаренко Иван Васильевич «Құрметті ардагер» атағына ие болды.
Иван Кухаренконы еңбегі сіңірген наградасымен аудан әкімдігінде жергілікті актив мүшелері құттықтады .
Иван Васильевичке төсбелгіні тапсыра отырып, аудан әкімі Қайрат Пішенбаев мерейтой иесін марапатпен құттықтап, биылғы жылы біздің ауданымыздың 95-жылдық мерейтойы және жарты ғасырға жуық уақыт бойы Иван Кухаренко өзінің елінің игілігі үшін еңбек етіп, туған өлкенің дамуы мен өркендеуіне баға жетпес үлес қосып, мұғалімдер мен мемлекеттік қызметшілердің бірнеше ұрпағын тәрбиелегенін, олар бүгінде білім мекемелерін де, мемлекеттік құрылымдарын да басқарып жүргенін белгіледі.
Аудан ардагерлері қоғамының атынан әріптесін Сансызбай Қалиев, Нұрлан Ахметов құттықтады. Аудан педагогтері атынан «Балдәурен» балабақшасының басшысы Тоты Мауытбаева, Жамбыл орта мектебінің директоры Қайролла Адыкенов те жылы лебіздерін білдірді.