АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА

АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА

«Таңбалануға жататын тауарлартізбесін айқындау туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 10 қыркүйектегі № 568 қаулысына сәйкес 2021 жылғы 1 қарашадан бастап аяқ киім тауарлары таңбалануға жатады.

Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2021 жылғы 30 қыркүйектегі № 518 бұйрығымен бекітілген аяқ киім тауарларын таңбалау және қадағалау қағидаларының 11-тармағының 3) тармақшасына сәйкес сәйкестендіру құралдарымен таңбаланбаған аяқ киім тауарларының қалдықтарын айналымға шығаруға және айналымнан шығаруға 2023 жылғы 1 сәуірге дейін жол беріледі.

Тиісінше, ағымдағы жылдың 1 сәуірінен бастап таңбаланбаған аяқ киім тауарларының айналымына тыйым салынады.

Осыған байланысты, аяқ киім тауарларын барлық сатушыларға сәйкестендіру құралдарынсыз аяқ киім тауарларын өткізу Қазақстан Республикасы заңнамасының нормаларын бұзу болып табылатынын хабарлаймыз.