Уәлиханов ауданы жұмыс сапарымен Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты Ерік Сұлтанов келді

Уәлиханов ауданы жұмыс сапарымен Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты Ерік Сұлтанов келді

15 тамызда ауданымызға жұмыс сапарымен Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты Ерік Сұлтанов келді.

Сенатор жұмыс сапары барысында «Жолдасбай агро» ФХ мал шаруашылығы кешеніне барды. Шаруашылықтың жұмысымен танысып, мемлекет мал шаруашылығын дамытуға, бірінші кезекте асыл тұқымды шаруашылықтарға үлкен қолдау көрсетіп отырғанын атап өтті. Шаруашылық басшысының орынбасары Ардақ Жолдасбаев қатысушыларға кәсіпорынның жұмысы туралы айтып, бүгінгі күні шаруашылықта Ангус тұқымды 1400 бас ірі қара мал бар екенін атап өтті. Қазіргі уақытта мұнда жем-шөп дайындау жұмыстары қарқынды жүргізілуде, сондай-ақ жақын күндері егін жинау науқанына кірісуді жоспарлап отыр.

Биыл шаруашылық тағы бір ірі инвестициялық жобаны - 1200 басқа арналған сүт-тауар фермасын салуды іске асыруға кірісті. Аудан әкімі Қайрат Пішенбаев жобаның іске асырылуы туралы айтып, құны 5 млрд теңге екенін, оның бір бөлігін шаруашылық өз мойнына алатынын және құрылысты аяқтауға мемлекеттік қолдау қажет екенін атап өтті. Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты бұл мәселені назарға алды.

Ерік Сұлтанов «Северная Нива» ЖШС-де кәсіпорын ұжымымен кездесті. Әңгімелесу барысында сенатор ҚР Парламенті Сенатының жұмысы туралы, депутаттардың заң жобаларына енгізген өзгерістері туралы айтып, халықпен осындай кездесулер өңірдің проблемалық мәселелерін жақсы білуге көмектесетінін атап өтті. Сонымен қатар, бүгінгі таңда біздің өңірде, атап айтқанда, ауданда басты проблемалық мәселелердің бірі - жол сапасы. Сенатор айтқанындай, бүгінде жобалық-сметалық құжаттама дайын, келесі кезең - сараптама және жыл соңына дейін республикалық трассаны күрделі жөндеу бойынша жобаны іске асыруды бастауға болады. Ерік Сұлтанов жалақы бойынша жұмыс тобын шақыруды тапсырды. Сондай-ақ, сенатор аудан басшылығына жем-шөптің бағасын бақылауды сұрады, бағаны негізсіз көтермеу керек екендігін айтты.