Аудан әкімдігінің отырысы

Аудан әкімдігінің отырысы

2022 жылғы 12 тамызда аудан әкімі Қ.С. Пішенбаевтың төрағалығымен жергілікті және аумақтық органдар басшыларының, шақырылған ауылдық округ әкімдерінің қатысуымен аудан әкімдігінің отырысы өтті (тізім бойынша).

Күн тәртібінде келесі мәселелер қаралды:

  1. «2022 ж. - 2023 ж. алдағы жылыту маусымына дайындық жоспарлары туралы», «Ауданның елді мекендерін абаттандыру туралы» (баяндамашы сәулет, құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Б. С. Жүсіпов);
  2. «Жаңа 2022-2023 оқу жылына дайындық барысы туралы» (баяндамашы білім бөлімінің басшысы Әубәкіров Ә. Ә.);
  3. «Азықпен қамтамасыз ету, мал көмінділерін салу, мал сою пункттерін ашу» (баяндамашы кәсіпкерлік, ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімінің басшысы Ж. Н. Хасенов)

Аудан әкімдігі отырысының қорытындысы бойынша әкімдіктің қаулылары шығарылып, қаралған мәселелер бойынша нақты ұсыныстар берілді.