Облыс әкімі Құмар Іргебайұлы Ақсақалов Уәлиханов ауданы Қулыкөл ауылдық округінде болды

Облыс әкімі Құмар Іргебайұлы Ақсақалов Уәлиханов ауданы Қулыкөл ауылдық округінде болды

09 тамыз күні облыс әкімі Құмар Іргебайұлы Ақсақалов Уәлиханов ауданы Қулыкөл ауылдық округінде болды

Өңір басшысы "Қызыл оба Мазары" археологиялық қазба жұмыстарының барысымен танысты. Аталған археологиялық зерттеулер арқылы Солтүстік Қазақстанның далалық аймағында да бұрын белгісіз болған мәдени-саяси орталықтардың бар екендігін сенімді айтуға мүмкіндік берді.

Кейін Құмар Іргебайұлы Береке, Қаратал және Қулыкөл ауылдарының тұрғындарымен кездесті.

Бүгінде Қулыкөл ауылының көшелеріне орташа жөндеу жұмыстары жүргізілуде. "Көкше Енсей" ЖШС мердігерлік ұйымымен 267 млн.теңге сомасына шарт жасалды. Биыл 50 млн. теңге бөлініп, игерілуде.

Қулыкөл ауылындағы Мәдениет үйіне 52 млн. теңгеге күрделі жөндеу жұмыстары аяқталуда. Қаражат облыстық бюджеттен бөлінген.

Жергілікті тұрғындармен кездесуде жол және су, ұялы байланыспен және интернетпен сапалы қамтамасыз ету және тағы басқа мәселелер көтерілді.