Аудан әкімі Қайрат Пішенбаев және Телжан ауылдық округінің әкімі Сәния Өтегенова Телжан ауылының Қоғамдық кеңесінің мүшелерімен кездесті

Аудан әкімі Қайрат Пішенбаев және Телжан ауылдық округінің әкімі Сәния Өтегенова Телжан ауылының Қоғамдық кеңесінің мүшелерімен кездесті

04 тамыз күні аудан әкімі Қайрат Пішенбаев және Телжан ауылдық округінің әкімі Сәния Өтегенова Телжан ауылының Қоғамдық кеңесінің мүшелерімен кездесті. Жергілікті тұрғындармен өткен диалог кезінде жылдың басынан бастап атқарылған жұмыстар және ағымдағы жылдың 31 наурызда болған кездесуде көтерілген сұрақтардың шешілу барысы жайлы айтылды. Аудан әкімі атап өткендей, келіп түскен 9 сұрақтың 3-уі оң шешімін тапты, 4-не түсініктеме берілді, 2 мәселенің орындалуы бақылауға алынды.

Сонымен қатар, Кеңес мүшелерімен кездесу барысында кентішілік жолдар мен стадионға жөндеу жұмыстарын жүргізу, тұрғындарды жем-шөппен қамтамасыз ету мәселелері қозғалды.