Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Экономика институтының қызметкерлері жұмыс сапарымен Уәлиханов ауданында болды

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Экономика институтының қызметкерлері жұмыс сапарымен Уәлиханов ауданында болды

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Экономика институтының қызметкерлері 2022 жылғы 27 шілдеде жұмыс сапарымен Уәлиханов ауданында болды. Іс-шараға экономика ғылымдарының докторы, инновациялық - технологиялық даму мәселелері жөніндегі бөлімінің бас ғылыми қызметкері Альжанова Фарида Газизовна, сондай-ақ жетекші ғылыми қызметкер Чуланова Зауре Казбековна қатысты.

Кездесу аудан әкімі аппаратының басшысы Б.Олжабаевтың төрағалығымен өтті, оған мемлекеттік мекемелердің басшылары мен мамандары қатысты.

Кездесу өткен облыстардың шалғай аудандарын дамыту мәселесінде ауылдық аумақтарды дамыту өзекті бағыттардың бірі болып табылады. Ауданда салалардың жойылу немесе пайда болу себептеріне, халықтың, атап айтқанда жастардың көшіп кету себептеріне, ауылдық елді мекендерде кадрлардың жетіспеушілігіне, жалдамалы жұмыспен қамтуға көңіл аударылып, қайта өңдеу кәсіпорындарын қалыптастыру мүмкіндігі және ауылдық аумақтарды абаттандыру перспективалары туралы мәселелер көтерілді. Талқылау барысында қатысушылар осы проблемалардың әртүрлі аспектілерін қозғады.