«Жылдың үздік ауылдық кітапханашысы-2022»

«Жылдың үздік ауылдық кітапханашысы-2022»

«Ұлттық рухани мұра» облыстық байқауында «Жылдың үздік ауылдық кітапханашысы-2022» номинациясы бойынша Қайрат ауылдық кітапханасының кітапханашысы Айым Болатқызы Хамитова анықталып, 300 000 теңге сертификатқа ие болды.

Аталған байқауды өткізу жыл сайынғы дәстүрге айналып, мәдениет саласының дамуына, мекемелер мен онда еңбек ететін қызметкерлерді қолдауға бағытталған. Биылғы жылы бұл байқау Ғабит Мүсіреповтың 120 жылдығына, Сафуан Шаймерденовтің 100 жылдығына, Кәкімбек Салықовтың 90 жылдығыны және «Бір ел-бір кітап» республикалық акциясы аясында өткізілді.

Айым Болатқызын лайықты марапатпен шын жүректен құттықтаймыз және одан да биік белестерді бағындыруға тілектеспіз!