Аудан әкімі Қайрат Пішенбаев аудандық аурухана қызметкерлерін кәсіби мереке күнімен құттықтады

Аудан әкімі Қайрат Пішенбаев аудандық аурухана қызметкерлерін кәсіби мереке күнімен құттықтады

20 маусым күні аудан әкімі Қайрат Пішенбаев аудандық аурухана қызметкерлерін кәсіби мереке күнімен құттықтады. «Сіздер - адам өмірін қолында ұстайтын батыл адамдарсыздар. Сондықтан бұл мереке әрқашан да сіздердің қажырлы еңбектеріңіздің қаншалықты маңызды және баға жетпес екендігін еске салады", - деп атап өтті аудан әкімі өзінің құттықтау сөзінде.

Іс-шара барысында Қайрат Пішенбаев ақ халатты абзал жандардың күнделікті еңбектеріне зор алғысын білдіріп, еңбегімен елеулі болған қызметкерлерге Құрмет грамоталары мен алғыс хаттар табыстады.