Құрметті мемлекеттік қызметшілер!

Құрметті мемлекеттік қызметшілер!

Сіздерді кәсіби мерекелеріңіз – Мемлекеттік қызметші күнімен шын жүректен құттықтаймыз!

Біздің өңіріміздің нәтижелі дамуы Сіздердің өз қызметіңізге деген адалдықтарыңызға, тәжірибелеріңізге, ерік-жiгерлеріңізге тікелей байланысты.

Аудан тұрғындарының әл-ауқатын арттыру және олардың болашағын жақсартуға бағытталған мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асыру жолындағы ерең еңбектеріңіз үшін зор алғысымызды білдіреміз!

Қазақстан халқына қызмет ету - мәртебелі ісіне табыс, жақсылық пен бейбітшілік, кемеңгерлік пен төзімділік тілейміз.