Балалар жылы

Балалар жылы

1 маусым күні аудандық Мәдениет үйінде "Балалар жылы" және Халықаралық балаларды қорғау күніне орай мерекелік іс-шара өтті. Шараға қатысқан аудан әкімінің орынбасары Жанна Жантілеуова «Ата-ананың ең үлкен бақыты – баласының жақсы азамат болып өсуі болса, ілгері ойлайтын мемлекеттің мақсаты – елге ие болатын білімді де Отаншыл ұрпақ тәрбиелеу болып табылады. Өйткені, бүгінгі ұрпақ – ертеңгі ел үміті, ұлттың жалғасы. Сол себептен, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев биылғы жылды – «Балалар жылы» деп белгілеп, тұтас қоғамды балалардың жан-жақты қолдауына ерекше назар аудартып отыр», - деді өзінің құттықтау сөзінде. Салтанатты бөлім барысында 2022 жылдың 30 мамыр күні Солтүстік Қазақстан облыстық Білім басқармасы мен СҚО Төтенше жағдайлар Департаментінің бірлесе өткізген «Жас құтқарушылар» облыстық сайысында 9 команданың ішінен І орын алған аудан оқушылары марапатталды.

Мерекелік іс-шарада педагогикалық-психологиялық түзету кабинетінің балаларына арналған сурет сайысы, дарынды балалар арасында «Сурет салу» байқауы, «Шашки», «Асық ату» сайыстары өтті. Өткізілген іс-шаралардың қорытындысы бойынша жүлделі орын алған балаларға марапаттау грамоталары мен бағалы сыйлықтар табысталып, барлық балаларға сусындар үлестірілді. Ауданның жеке кәсіпкерлерімен педагогикалық-психологиялық түзету кабинетінің 33 баласына сыйлықтар таратылды. Мерекеге барлығы 300-ге жуық бала қатысты.