Мәдениет үйінде Өнер мектебінің есептік концерті

Мәдениет үйінде Өнер мектебінің есептік концерті

18 мамыр күні аудандық Мәдениет үйінде Өнер мектебінің есептік концерті өтті. Өткізілуі жыл сайынғы дәстүрге арналған іс-шара биылғы жылы «Балалар жылы» аясында өткізілді.

Концертке аудан әкімінің орынбасары Жанна Жантілеуова қатысты. Өзінің құттықтау сөзінде көрермендердің жүрегінен орын алған Өнер мектебі – талай жастардың үлкен өнерге жолдама беретін киелі шаңыраққа айналғанын атап өтіп, шығармашылық ұжымға алғысын білдірді. Хореография сыныбының мұғалімдері Зағила Нұрлыбекқызы Ермекова және Хайрам Нұрсәуле аудан әкімінің алғыс хатымен марапатталды.

Есептік концертте мектеп ұжымы педагогтердің шеберлігі мен кәсібилігін және олардың талантты оқушыларының дарындылығын тағы да дәлелдеп берді.