Кішкенекөл ауылында Ұлы Жеңістің 77 жылдығына арналған мерекелік іс-шара

Кішкенекөл ауылында Ұлы Жеңістің 77 жылдығына арналған мерекелік іс-шара

09 мамыр күні Кішкенекөл ауылында Ұлы Жеңістің 77 жылдығына арналған мерекелік іс-шара өтті.

Аудан әкімі Қайрат Пішенбаевтің қатысуымен Жеңіс саябағында Ұлы Отан соғысында қаза тапқандардың обелискіне және Ауған жауынгерлеріне арналған ескерткіш тасқа гүл шоқтары қойылды. «Бүгінгі тәуелсіздік тұғырының берік, еңсеміздің биік болуы – осынау Ұлы Жеңістің нәтижесі болып табылады. Сондықтан біз қашанда сұрапыл соғыста жеңіске жеткен батырларды ерекше құрметпен еске аламыз. Майдан даласындағы жауынгерлік ерлік пен тылдағы қажырлы еңбекке тағзым етеміз», - деді аудан әкімі өзінің құттықтау сөзінде. Күйреген шаруашылықты қалпына келтіріп, ауданның аяққа тұруына өлшеусіз үлес қосқан аға буын өкілдеріне алғысын білдірді. Өкінішке орай, біздің ауданда Ұлы Отан соғысының қатысушылары қалмады. Бірақ уақыт олардың батылдығы, бірлігі және шын мәнінде, болаттай рухының алдында үстемдік етпейді.

Кейін аудандық Мәдениет үйінде Кішкенекөл №1 орта мектебінің ұстаздар қауымы мен оқушылардың ұйымдастыруымен тамаша мерекелік концерт өткізілді.

Айта кету қажет, біздің ауданымыздың 4 мыңға жуық азаматы ұрыс даласында қолына қару алып, жаудың әскери күштеріне қарсы тұруға тура келді. Алайда батырларымыздың жартысына жуығы (1539) туған елге оралмады.