Балалар жылының салтанатты ашылу мерекесі

Балалар жылының салтанатты ашылу мерекесі

06 мамыр күні Кішкенекөл ауылының аудандық Мәдениет үйінде Балалар жылының салтанатты ашылу мерекесі өтті.

Аудан әкімі Қайрат Пішенбаев мерекеге қатысушыларды Балалар жылымен құттықтап, бұл шараның келешек ұрпақ үшін маңыздылығын атап өтті. «Өмірдің базары да, ажары да — біздің балаларымыз. Ал олардың бақытты да, баянды өмір сүруіне жағдай жасау – біздің басты міндетіміз.Әлемде қуанышты бала күлкісінен керемет нәрсе жоқ. Сондықтан біз, ересектер, сендердің дендерің сау, ақылды, білімді болып, бейбіт өмір сүрулеріңізді тілейміз», — деді Қайрат Пішенбаев өзінің құттықтау сөзінде.

Іс-шара барысында аудан басшысы жақында ғана Азия чемпионатында үздіктер қатарынан көрінген жас спортшыларымызға алғысын білдіріп, облысымыздың ғана емес, еліміздің намысын лайықты қорғап, қазақ жастарының күш-қуатын танытқан балаларымызға қандай құрмет көрсетсек те лайық екенін атап өтті.

Мерекелік іс-шара Петропавл қаласының Сәбит Мұқанов атындағы Қазақ драма театрының қойылымымен аяқталды.