7 мамыр – Отан қорғаушылар күніне арналған мерекелік іс-шара

7 мамыр – Отан қорғаушылар күніне арналған мерекелік іс-шара

06 мамыр күні Кішкенекөл ауылының орталық алаңында 7 мамыр – Отан қорғаушылар күніне арналған мерекелік іс-шара өтті. Іс-шараға аудан әкімі Қайрат Пішенбаев қатысты.

«2022 жыл Қарулы Күштер үшін өте маңызды жыл, себебі осыдан 30 жыл бұрын Президент жарлығымен Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері құрылды. Осы жылдар ішінде алғашқы әскери бөлімдерді қалыптастырудан бастап, ұлттық қорғаныс пен қауіпсіздіктің қазіргі жүйесіне дейінгі үлкен жолды жүріп өттік. Ең заманауи қарумен және техникамен жабдықталу, командирлердің кәсібилігі, жеке құрамның жоғары жауынгерлік дайындығы мен машығы – осының бәрі біздің Қарулы күштеріміздің нығаюына септігін тигізді», — деді аудан басшысы өзінің құттықтау сөзінде. Ерлік пен батылдық дәстүрлерінің жалғастырушыларына, аудан тұрғындарының тыныштығы мен бейбіт өмірін қорғауға лайықты үлес қосып келе жатқан барша жерлестерге алғысын білдірді.

Іс-шара барысында адал еңбек етіп келе жатқан сала қызметкерлері аудан әкімінің алғыс хатымен марапатталды.

Ауданымызға арнайы келген Петропавл қаласының Қазақ драма театрының өнерпаздарымен мерекелік концерт ұйымдастырылды.