Кәмелетке толмағандардың ісі және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның отырысы

Кәмелетке толмағандардың ісі және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның отырысы

2021 жылғы 24 желтоқсанда аудан әкімінің орынбасары Ж. К. Жантілеуованың төрағалығымен Уәлиханов ауданы әкімдігінің жанындағы кәмелетке толмағандардың ісі және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның отырысы өтті.

Комиссия отырысына комиссия мүшелері, балалар құқықтарын қорғау Комитетінің, полиция департаментінің, білім басқармасының өкілдері және кәмелетке толмағандар істері жөніндегі облыстық комиссияның хатшысы қатысты (zoom арқылы).

Күн тәртібінде келесі мәселе қаралды:

  1. Кәмелетке толмағандар арасында суицидтің алдын алу жөніндегі жұмыстың тиімділігі туралы.

Отырыс қорытындысы бойынша қаралған мәселелер бойынша нақты ұсыныстар берілді.