Уәлиханов ауданының Қаратерек ауылында өрт сөндіру бекетінің ашылуы

Уәлиханов ауданының Қаратерек ауылында өрт сөндіру бекетінің ашылуы

Азаматтық қорғау туралы Заңға сәйкес жергілікті атқарушы органдардың өкілеттіктеріне мемлекеттік өртке қарсы қызмет бөлімшелері жоқ елді мекендерде өрт сөндіру бекеттерін ұйымдастыру, оларды материалдық-техникалық жарақтандыру жатады.

Аумақты дамыту жоспарына сәйкес, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы шеңберінде 2021 жылғы 22 желтоқсанда Уәлиханов ауданының ТЖБ бастығы Б. Рахымжановпен Қаратерек ауылдық округінің әкімі А. Қасымбековтың басшылығымен Уәлиханов ауданының Қаратерек ауылында өрт сөндіру бекетінің ашылуы өткізілді.

Кішкенекөл ауылының №17-ӨСБ 125 км қашықтықта орналасқан Қаратерек ауылының № 43 өрт сөндіру бекеті Қаратерек және Амангелді ауылдық округтерінің, атап айтқанда 69 тұрғын үйде 254 адам тұратын Қаратерек, Малқара және Амангелді ауылдарының 3 елді мекенін қорғау және өртті сөндіруді уақтылы ұйымдастыру, сондай-ақ Ресей Федерациясымен шекарадағы орманды дала аймағында табиғи өрттерді жою мақсатында құрылған.

Жергілікті бюджет қаражаты есебінен өрт сөндіру бекетінің қарулануына ӘӨТ-3 (әмбебап өрт тіркемесі) және ӨСЖК-2 жиынтығы (өрт сөндірушінің жауынгерлік киімі) сатып алынды, МТЗ-82 тракторы «Орлиногор МОМ» ММ-нен бөлінді.