Жусупов Болат Сембаевич

Жусупов Болат Сембаевич

Уәлиханов ауданы әкімінің 2021 жылғы 24 қараша №266-ө-ж/қ өкімімен, конкурстық комиссиясы шешімінің негізінде «Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданы әкімдігінің сәулет, құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің басшысы болып Болат Сембайұлы Жүсіпов тағайындалды.

Б.С. Жүсіпов 1990 жылғы ақпанның 15-і Көкшетау облысы Қызылту ауданы Қызылту кентінде туған.

2014 жылы Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінің «Жерге орналастыру» мамандығы бойынша тәмамдады.

2019 жылдың 05 қыркүйегінен бастап 2021 жылдың 04 қазанына дейін «Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданы Кішкенекөл ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Кішкенекөл ауылдық округі әкімінің орынбасары лауазымында жұмыс атқарған.

2021 жылғы 29 қазаннан бастап тағайындалғанға дейін «Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің басшысы лауазымын атқарды.