Ұлттық валюта және қаржы саласы қызметкерлері күніне орай мерекелік іс-шара

Ұлттық валюта және қаржы саласы қызметкерлері күніне орай мерекелік іс-шара

15 қараша күні «Нұр-Отан» партиясының ғимаратында Ұлттық валюта және қаржы саласы қызметкерлері күніне орай мерекелік іс-шара өтті. Сала мамандарын аудан әкімінің орынбасары Дархан Бейсембин құттықтады. Тәуелсіз еліміздің міндетті нышандарының бірі ретінде ұлттық валютаны енгізу дербес мемлекетіміздің елеулі оқиғасы болғаны сөзсіз. Ұлттық валютаны енгізу туралы стратегиялық шешім елімізді қарышты дамудың жаңа жолына жетеледі, қаржы-несиелік, бюджеттік-салық саясатын жүзеге асыруға мүмкіндік берді.

Бүгінде қаржы жүйесі — ел экономикасының, әлеуметтік әл-ауқатының және өңірлердің стратегиялық дамуының қуатты іргетасына айналды. Бұл, осы салада атқарылған жүйелі жұмыстар мен қажырлы еңбек ететін қызметкерлердің арқасында мүмкін болды.

«Ауданының қаржы жүйесін дамытуға қосқан үлестеріңіз бен жоғары кәсібилектеріңіз үшін алғысымды білдіремін», — деді аудан әкімінің орынбасары өзінің құттықтау сөзінде. Іс-шара барысында қаржы саласының дамуына үлес қосып жатқан қызметкерлер Уәлиханов ауданының Құрмет Грамотасымен, Алғыс хаттармен марапатталды.