Кеңесінің отырысы

Кеңесінің отырысы

2021 жылғы 05 қазанда Уәлиханов ауданының әкiмi Қ.С. Пiшенбаевтың төрағалығымен Солтүстiк Қазақстан облысы Уәлиханов ауданы әкiмдiгiнiң жанындағы шекара маңы мәселелерi жөнiндегi үйлестiру кеңесiнiң отырысы өттi.

Келесi мәселелер қаралды:

  1. Күзгi дала жұмыстары кезеңiнде мемлекеттiк шекарада белгiленген режимдердi сақтау.
  2. Шекаралық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету.

Баяндамашы: «Кiшкенекөл» шекара бөлiмiнiң бастығы майор Дамир Ерланұлы Самбаев

Сөз сөйледi:

  1. Шекаралық мәселелер жөнiндегi үйлестiру кеңесiнiң төрағасы-Уәлиханов ауданының әкiмi Қ.С. Пiшенбаев кеңестi ашты.
  2. «Кiшкенекөл» шекара бөлiмiнiң бастығы майор Д.Е. Самбаев баяндама жасады (баяндама барысында қойылған сұрақтарға жауаптар берiлдi, түсiндiру жұмыстары жүргiзiлдi).
  3. Шекара маңындағы мәселелер жөнiндегi үйлестiру кеңесiнiң төрағасы — Уәлиханов ауданының әкiмi Қ.С. Пiшенбаев кеңестi қорытындылады.