Брусчаткалар, тротуарлар, евроқоршаулар, құмблоктарын өндiру цех ашылды

Брусчаткалар, тротуарлар, евроқоршаулар, құмблоктарын өндiру цех ашылды

13 қыркүйек күнi Кiшкенекөл ауылында брусчаткаларды, тротуарларды, евроқоршауларды, құмблоктартарды өндiру цехiнiң салтанатты түрде ашылуы өттi. Iс-шараға аудан әкiмi Қайрат Пiшенбаев, аудандық мәслихат хатшысы Мұрат Абдулов, Ардагерлер Кеңесiнiң төрағасы Бауыржан Тастубаев және ауыл тұрғындары қатысты.

Цехтiң директоры Айдос Сатылғанов — 2020 жылы «Жұмыспен қамту жол картасы» бағдарламасы арқылы грантқа ие болып, өз кәсiбiн дөңгелетiп отырған жас кәсiпкер.

«Мемлекет тұрақты негiзде бизнеске ауқымды көмек көрсетiп келедi. Сондықтан Мемлекет басшысы өзiнiң "Халық бiрлiгi және жүйелi реформалар — ел өркендеуiнiң берiк негiзi" атты Жолдауында өз iсiн ашқысы келетiндерге мүмкiндiк бере отырып, «Жұмыспен қамту жол картасы» бағдарламасын 2022 жылға ұзартуға шешiм қабылдады», — дедi Қайрат Пiшенбаев құттықтау сөзiнде.

Аудан басшысы жас кәсiпкердiң сапалы өнiмiне ризашылығын бiлдiрiп, жұмысына табыс тiледi.