Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Халық бiрлiгi және жүйелi реформалар — ел өркендеуiнiң берiк негiзi» атты Жолдауын талқылау және алдағы мiндеттердi белгiлеу бойынша актив жиналысы

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Халық бiрлiгi және жүйелi реформалар — ел өркендеуiнiң берiк негiзi» атты Жолдауын талқылау және алдағы мiндеттердi белгiлеу бойынша актив жиналысы

10 қыркүйек күнi «Нұр Отан» партиясы ғимаратының мәжiлiс залында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Халық бiрлiгi және жүйелi реформалар — ел өркендеуiнiң берiк негiзi» атты Жолдауын талқылау және алдағы мiндеттердi белгiлеу бойынша актив жиналысы өттi.

Кездесуге мәслихат депутаттары, атқарушы билiк өкiлдерi, бизнес, саяси партиялар, үкiметтiк емес ұйымдар, бұқаралық ақпарат құралдары өкiлдерi қатысты.

Iс-шара барысында аудан әкiмi Пiшенбаев Қайрат Сәкенұлы, Ардагерлер кеңесiнiң басшысы Тастубаев Бауыржан Сағындықұлы, «Болашақ Агро» фермерлiк шаруашылығының басшысы Нукенов Қайыргелдi Амангелдiұлы сөз сөйледi.

«Мемлекет басшысы өзiнiң үшiншi Жолдауында қоғам мен мемлекеттi дамытудың негiзгi стратегиялық мiндеттерiн кешендi түрде айқындап бердi. Оны жүзеге асыру әрбiреуiмiзне тiкелей байланысты», — деп атап өттi Қайрат Пiшенбаев.

Аудан басшысы Жолдауда айқындалған басты басымдықтарға мән бере отырып, аудан бойынша көтерiлiп жатқан мәселелердi тиiмдi шешу үшiн жауапты органдарға тапсырма бердi. Әсересе, ауыл шаруашылық, инфрақұрылымды дамыту, жастар саясаты, халықтың денсаулығын қорғау бағытындағы жұмыстарды назарға алу қажет екендiгiн жеткiздi.