Аудан әкiмдiгiнiң отырысы

Аудан әкiмдiгiнiң отырысы

2021 жылғы 07 қыркүйекте аудан әкiмi Қ.С. Пiшенбаевтiң төрағалығымен ауылдық округ әкiмдерiнiң (ZOOM арқылы), жергiлiктi және аумақтық атқарушы органдар басшыларының (тiзiм бойынша) шақырылған офлайн режимiндегi қатысуымен әкiмдiк отырысы өткiзiлдi.

Күн тәртiбiнде 4 мәселе қаралды:

  1. Ауданның елдi мекендерiнде вакцинация бойынша атқарылып жатқан жұмыстардың қарқыны. Апта динамикасы (Уахитов Е.Ф., Габбасова А.Б.).
  2. Ауданда ұлттық халық санағының өтуi туралы. Проблемалық мәселелер (Кабдрашитов Б.С.)
  3. 2021 жылдың 8 айындағы ауданның әлеуметтiк-экономикалық даму қорытындысы. Ағымдағы жылдың қыркүйек айына арналған болжамдар (Хасенов Ж.Н.).
  4. Ауданда эпизоотияға қарсы және профилактикалық iс-шаралардың барысы туралы (Н.Б. Мұхамеджаров).

Отырыс барысында ЖАО басшыларына және ауылдық округ әкiмдерiне тапсырмалар мен ұсынымдар берiлдi.