Қылмыстық жазаны және қылмыстық-құқықтық ықпал етудің өзге де шараларын атқаратын мекемелердің қызметіне жәрдемдесу жөніндегі, сондай-ақ қылмыстық жазасын өтеген адамдарға әлеуметтік және өзге де көмекті ұйымдастыру жөніндегі үйлестіру кеңесі

2021 жылдың 08 шілдеде аудан әкімінің орынбасары А.З.Жауарованың төрағалығымен аудан әкімдігінің кіші залында қылмыстық жазаны және қылмыстық-құқықтық ықпал етудің өзге де шараларын атқаратын мекемелердің қызметіне жәрдемдесу жөніндегі, сондай-ақ қылмыстық жазасын өтеген адамдарға әлеуметтік және өзге де көмекті ұйымдастыру жөніндегі үйлестіру кеңесінің отырысы өтіп, келесі мәселелер қаралды:

  1. Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар үшін бірлескен мәдени-бұқаралық, спорттық іс-шаралар өткізуді ұйымдастыру.
  2. Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімімен пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру жұмысы туралы.
  3. Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарға, сондай-ақ пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарға заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек көрсету.

Отырысқа Үйлестіру кеңесінің мүшелері қатысты.

Отырыс қорытындысы бойынша қаралған мәселелер бойынша нақты ұсыныстар берілді.