Кәмелетке толмағандардың ісі және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның отырысы

Кәмелетке толмағандардың ісі және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның отырысы

2021 жылғы 18 маусымда аудан әкімінің орынбасары А.З.Жауарованың төрағалығымен аудан әкімдігінің кіші залында Уәлиханов ауданы әкімдігінің жанындағы кәмелетке толмағандардың ісі және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның отырысы өтті.

Күн тәртібінде келесі мәселелер қаралды:

  1. Кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыс, сондай-ақ кәмелетке толмағандар арасындағы суицидтің алдын-алу жағдайы туралы.
  2. Балалардың суда қаза болуын болдырмау жөніндегі алдын алу іс-шараларын жүргізу туралы.
  3. Кәмелетке толмаған балалардың, оның ішінде тәуекел тобындағы балалардың, аз қамтылған отбасылардың жазғы демалысын ұйымдастыру.
  4. Қорғаншылықтағы, қамқоршылықтағы және патронаттық тәрбиедегі жетім балалар бойынша қорғаншылық және қамқоршылық органының 2021 жылғы 1 жартыжылдықтағы жұмысын талдау.

Отырыс қорытындысы бойынша қаралған мәселелер бойынша нақты ұсыныстар берілді.