Уәлиханов ауданының аумағында өрт сөндіру бекеттерінің қатысуымен практикалық жаттығулар өткізілді

Уәлиханов ауданының аумағында өрт сөндіру бекеттерінің қатысуымен практикалық жаттығулар өткізілді

Өрт және басқа да төтенше жағдайлар туындаған кезде жеке құрамның жедел іс-қимылдарға дайындығын арттыру мақсатында өрт сөндіру бекеттерінің қатысуымен практикалық оқу-жаттығулар өткізілді.
Іс-шара барысында жеке құраммен өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтау, өрт анықталған кездегі іс-қимыл тәртібі, шұғыл қызметтерді уақтылы хабардар ету, сондай-ақ төтенше жағдайларды жою кезінде өзара іс-қимылды ұйымдастыру мәселелері бойынша түсіндіру сұхбаты өткізілді.
Жаттығудың практикалық бөлігі өрт сөндіру машинасы мен сорғы жабдықтарының жұмысын көрсетуді қамтыды. Қатысушыларға сорғыны іске қосу, өрт жеңдері арқылы су беру тәртібі, сондай-ақ өрт техникасы мен өрт-техникалық қару-жарақты пайдаланудың негізгі ережелері айқын көрсетілді.
Шартты өрт ошағын сөндіру кезіндегі іс-қимылдарды тәжірибелік пысықтауға ерекше назар аударылды.

Өткізілген оқу-жаттығулар қатысушылардың кәсіби даярлық деңгейін арттыруға, практикалық дағдыларды жетілдіруге, өрт сөндіру бекеттері арасындағы өзара іс-қимылды нығайтуға және ықтимал төтенше жағдайларға жедел ден қоюға дайындығын арттыруға ықпал етті.
Алынған білім мен дағдылар өрттердің алдын алу және жою, сондай-ақ Қызмет көрсетілетін объектілер мен аумақтарда өрт қауіпсіздігі деңгейін арттыру жөніндегі міндеттердің неғұрлым тиімді орындалуын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.