Елге қызмет ету – қасиетті борыш

Елге қызмет ету – қасиетті борыш
Маусымның 23-і күні аудан әкімдігінің үлкен залында Мемлекеттік қызметшілер мен Полиция күндеріне арналған салтанатты іс-шара өтті. Бұл күні ерекше құрметке күнделікті мемлекеттік органдардың тұрақты жұмысына, қоғамдық тәртіпке, азаматтардың заңдылығы мен қауіпсіздігіне жауапты адамдар құрметке ие болды. Мемлекеттік қызметшілер, полиция қызметкерлері, ішкі істер органдарының ардагерлері – түрлі кәсіптегі тұлғалар, бірақ олар бір жоғары парыз - мемлекет пен қоғамға қызмет ету міндетімен біріктірілген.
Салтанатты жиынға аудан әкімі Мұрат Абдулов қатысты.
Іс-шараны ашқан ауданымыздың бірінші басшысы қатысушыларды кәсіби мерекелерімен құттықтап, мемлекеттік қызмет пен ішкі істер органдарындағы қызмет, ең алдымен, халық алдындағы жоғары жауапкершілік, борышқа, әділдік пен заң қағидаттарына адалдық екенін белгілеп өтті.
Аудан басшысы өз сөзінде халықтың өмір сүру сапасы, адамдардың билікке деген сенімі, күнделікті және стратегиялық міндеттерді шешу - мемлекеттік қызметшілердің кәсібилігіне, құзыреттілігіне, адалдығы мен жауапкершілігіне байланысты екенін атап өтті.
Полиция қызметкерлері мен ішкі істер органдарының ардагерлеріне жеке алғыс жеткізілді. Ауданымыздың бірінші басшысы олардың қызметі әрқашан ең жауапты және қиын қызметтердің бірі болғанын және болып қала беретінін жеткізді.
Сөз соңында аудан басшысы мемлекеттік қызметшілер, полиция қызметкерлері және сала ардагерлеріне адал жұмысы, таңдаған ісіне адалдығы, белсенді азаматтық ұстанымы және ауданның дамуына қосқан үлесі үшін алғыс айтып, барлығына зор денсаулық, амандық, жаңа табыс пен бейбіт өмір тіледі.
Салтанатты шара барысында марапаттау рәсімі өтті. Көпжылғы адал еңбегі, жоғары кәсібилігі және ауданымыздың дамуына қосқан үлесі үшін аудан әкімінің Құрмет грамотасымен аудан әкімі аппаратының қаржы-шаруашылық мәселелері жөніндегі құрылымдық бөлімшесінің бас маманы Гүлжан Әлкенова, кәсіпкерлік, ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімінің бас маманы Сағыныш Бекбалтин, ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті аудандық аумақтық инспекциясы басшысының міндетін атқарушы марапатталды Самат Жағопаров, Мемлекеттік қазынашылық басқармасының қызметкері Айгүл Қанжығалина, аудан әкімі аппараты құжаттамалық қамтамасыз ету жөніндегі құрылымдық бөлімшенің басшысы Данагүл Мұқарова және Амангелді ауылдық округі әкімі аппаратының бухгалтері Махаббат Мұфтахитденова.
Аудан әкімінің Алғыс хатымен кәсіпкерлік, ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімінің бас мамандары Гүлзада Әбдірахманова мен Жаслан Мұхаметалин, аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері Әділет Сапар, Рим Құрбанов, Сүният Жаров марапатталды.
Сол күні Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаментінің наградалары табысталды. Департамент басшысының Алғыс хаты аудандық мәслихаттың бас маманы Айнаш Мәліковаға табыс етілді.
«Үздік сапалы қызмет көрсетшісі» байқауының өңірлік кезеңіне белсенді қатысқаны, мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыруға қосқан үлесі және кәсіби шеберлігі үшін Департамент басшысының Алғыс хаты жер қатынастары бөлімінің басшысы Жанаргүл Доскинаға табысталды.
Салтанатты бағдарламада ішкі істер органдарының қызметкерлері мен ардагерлерін құрметтеу рәсімі ерекше орын алды. Ведомстволық наградаларды тапсыру үшін аудандық полиция бөлімінің бастығы, полиция майоры Тоқтар Таевқа сөз берілді. Аудандық полиция бөлімінің бастығы Ішкі істер органдарының қызметкерлері мен ардагерлеріне аталған марапаттарды және облыстық полиция департаментінің грамотасы аудандық полиция бөлімі қоғамдық қауіпсіздік бөлімшесінің учаскелік инспекторы, полиция майоры Серік Өмірбековке табыс етілді.
Полиция департаментінің Алғыс хатымен аудандық полиция бөлімі тылдық қамтамасыз ету қару-жарақ қоймасының меңгерушісі, қару-жарақ жөніндегі шебер, полицияның аға лейтенанты Ағылан Тоқышев және ІІО ардагері Амангелді Сәрсембаев марапатталды.
Сонымен қатар, бірқатар ІІО ардагерлері ақшалай сыйлықтар тартылды.
«Ішкі істер органдарының ардагері» төсбелгісімен ІІО ардагері Нұртай Мәліков марапатталды.
Салтанатты іс-шара соңында Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызметшісінің ант беру рәсімі өтті. Ақтүйесай ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы Ақбота Алдабергенова Мемлекеттік қызмет қағидаттарына деген адалдығын және мемлекет пен қоғам алдындағы жауапкершілігін растай отырып, салтанатты түрде ант берді.
Салтанатты іс-шара өз еңбегімен ауданның тұрақтылығын, заңдылығы мен әл-ауқатын нығайтатын азаматтарға деген терең құрмет белгісі болды.
Мемлекеттік қызметшілер күні мен Полиция күні тек кәсіби мерекелер емес, бұл - жауапкершілік, тәртіп, адал еңбек және адамдарға қызмет ету жолын таңдағандарға алғыс айтудың тағы бір себебі. Осы күні берілген құрметті марапаттар ауданымыздың дамуына, құқықтық тәртіпті нығайтуға және мемлекеттік қызмет сапасын арттыруға қосқан үлесін мойындауға айналды.