Қылмыстық жазаны және қылмыстық-құқықтық ықпал етудің өзге де шараларын атқаратын мекемелердің қызметіне жәрдемдесу жөніндегі, сондай-ақ қылмыстық жазасын өтеген адамдарға әлеуметтік және өзге де көмекті ұйымдастыру жөніндегі консультативтік-кеңесші органның кеңесі

2026 жылдың 30 наурыз күні аудан әкімінің орынбасары                                 Т.Қ.Сағитовтын төрағалығымен қылмыстық жазаны және қылмыстық-құқықтық ықпал етудің өзге де шараларын атқаратын мекемелердің қызметіне жәрдемдесу жөніндегі, сондай-ақ қылмыстық жазасын өтеген адамдарға әлеуметтік және өзге де көмекті ұйымдастыру жөніндегі консультативтік-кеңесші органның кеңесі отырысы өтіп, келесі мәселелер қаралды:

  1. Учаскелік полиция инспекторларының бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдармен құқық бұзушылықтар мен қылмыстардың алдын алу жөніндегі жұмысы туралы;
  2. Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар үшін өткізілетін спорттық іс-шаралар туралы;
  1. Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарға, сондай-ақ пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарға мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек көрсету;
  2. 2026 жылдың әр тоқсанына арналған әрбір елді мекенде қоғамдық жұмыстарға тарту және сот келіссөздері бойынша мәжбүрлі еңбек түрінде жазаға сотталған адамдардың еңбегін пайдалану үшін объектілерді айқындау туралы.

Отырысқа консультативтік-кеңесші органның кеңесінің мүшелері қатысты. Отырыс қорытындысы бойынша қаралған мәселелер бойынша нақты ұсыныстар берілді.