Кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның отырысы

Кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның отырысы

2026 жылғы 31 наурыз күні аудан әкімінің орынбасары Т.Қ.Сағитовтын төрағалығымен Уәлиханов ауданы әкімдігінің жанындағы кәмелетке толмағандардың ісі және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның отырысы өтті.

Күн тәртібінде келесі сұрақтар қаралды:

  1. Өмірлік қиын жағдайға тап болған отбасыларға (балаларға) уақтылы және тұрақты көмек көрсету туралы;
  2. Кәмелетке толмағандар арасында психотроптық заттар мен алкогольдік ішімдіктерді тұтынудың алдын алу бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстары туралы;
  3. Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу және оқу орындарында балалардың қадағалаусыз және панасыз қалуының алдын алу бойынша өткізілетін іс-шаралар туралы;
  4. Әлеуметтік педагогтардың қолайсыз отбасылармен жұмысы туралы.

Күн тәртібіне сәйкес барлық мәселелер қаралып, хаттамалық ұсынымдар енгізілді.