2026 жылғы 31 наурыз күні аудан әкімінің орынбасары Т.Қ.Сағитовтын төрағалығымен Уәлиханов ауданы әкімдігінің жанындағы кәмелетке толмағандардың ісі және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның отырысы өтті.
Күн тәртібінде келесі сұрақтар қаралды:
- Өмірлік қиын жағдайға тап болған отбасыларға (балаларға) уақтылы және тұрақты көмек көрсету туралы;
- Кәмелетке толмағандар арасында психотроптық заттар мен алкогольдік ішімдіктерді тұтынудың алдын алу бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстары туралы;
- Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу және оқу орындарында балалардың қадағалаусыз және панасыз қалуының алдын алу бойынша өткізілетін іс-шаралар туралы;
- Әлеуметтік педагогтардың қолайсыз отбасылармен жұмысы туралы.
Күн тәртібіне сәйкес барлық мәселелер қаралып, хаттамалық ұсынымдар енгізілді.