
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы заңнамасын және Әдеп кодексін бұзудың алдын алу және болдырмау мақсатында 2026 жылғы 24 ақпан күні Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданының Әдеп жөніндегі уәкілі Т.Қ.Сағитов ауылдық округ әкімдері және мемлекеттік мекеме басшылар арасында семинар - кеңес (zoom арқылы) өткізілді.
Семинар - кеңес барысында мемлекеттік қызметшілерге бұқаралық ақпарат құралдарында көпшілік алдында сөз сөйлеуге және түсініктеме беруге қатысты Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексінде белгіленген шектеулерді ұстануға ұсынымдар берілді, оның ішінде мемлекеттік саясатқа қайшы келу, қызметтік ақпаратты жария ету, әдепті емес сөз айту, анық емес мәліметтерді тарату, діни немесе қоғамдық бірлестіктерге өз көзқарасын насихаттау үшін ұстанымды пайдалану тыйым салу, дөрекілік пен әдепсіздікті танытуға тыйым салу туралы хабарланды.