
2026 жылғы 30 қантар Уәлиханов ауданының әкімі М.Т. Абдуловтың төрағалығымен Уәлиханов ауданы әкімдігі жанындағы төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жөніндегі комиссияның кезекті отырысы өтті. Күн тәртібіне 2025 жыл қорытындысы бойынша Солтүстік Қазақстан облыстық аумақтық азаматтық қорғау мемлекеттік жүйесінің аудандық буынының қызметін қорытындылау және 2026 жылға арналған негізгі жұмыс бағыттарын айқындау туралы, сондай-ақ маусымдық су тасқындарының теріс салдарынан халықты, объектілер мен аумақтарды қорғау жөніндегі кешенді іс-шараларды өткізу және 2026 жылғы су тасқыны кезенде төтенше жағдайларды жоюға аумақтық азаматтық қорғау мемлекеттік жүйесінің дайындық деңгейін қамтамасыз ету туралы енгізілді (баяндамашы Уәлиханов ауданының ТЖ бөлімінің бастығы А.Қ. Жәкенов).
«2024-2025 жж. қысқы кезеңде ауа райы жағдайларының нашарлауына байласты байланысты қар құрсауынан, қар кептелістерінен, көктайғақтан және автокөлік құралдарының авариялық тоқтап қалуынан босату бойынша құтқару дұмыстары жүргізіліп, 16 адам және 8 бірлік техника құтқарылды. 2023-2024 жылдардың ұқсас кезеңімен салыстырғанда эвакуацияланған адамдар саны 20%-ға азайды (2023-2024 жылы 20 адам және 5 бірлік техника). Ағымдағы 2025-2026 жылдардың қысқы кезеңінде Қарашілік ауылының жоғалған тұрғынын іздестіру-құтқару жұмыстары жүргізілді, Қулыкөл ауылының ЖАО-мен бірлесіп қар құрсауынан 1 автокөлікті босату бойынша авариялық-құтқару жұмыстары жүргізілді», - деп өз баяндамасында ауданның ТЖБ бастығы А.Қ. Жәкенов хабарлады.
Отырыстың қорытындысы бойынша баяндамашыларды тыңдай келе, комиссия төрағасы тиісті мемлекеттік органдарға нақты тапсырмалар берді.