Мемлекеттік қызметшілердің құмар ойындар мен бәске қатысуына қатысты жаңа сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулерді түсіндіру бойынша іс-шара

Мемлекеттік қызметшілердің құмар ойындар мен бәске қатысуына қатысты жаңа сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулерді түсіндіру бойынша іс-шара

2026 жылғы 12 қаңтарда аппарат басшысы Б. Олжабаев мемлекеттік қызметшілердің құмар ойындар мен бәске қатысуына қатысты жаңа сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулерді түсіндіру бойынша іс-шара өткізді.

Іс-шараға ауылдық округтердің әкімдері, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдардың басшылары қатысты.

Кездесу барысында аппарат басшысы мемлекеттік қызметшілердің ойын-сауық мекемелеріне баруына байланысты құқық бұзушылықтардың алдын алу мәселелеріне жан-жақты тоқталып, лудоманияның адамның психологиялық жағдайына және қызметтік қызметіне кері әсері туралы түсіндірді.

Іс-шараға қатысушылар мемлекеттік қызметшілердің құмар ойындарға тартылуына байланысты тәуекелдердің алдын алу шараларын, сондай-ақ лудоманияға қарсы бағытталған заңнамалық бастамаларды іс жүзінде іске асыру мәселелерін талқылады.

Кездесу қорытындысы бойынша заңнама талаптарының сақталуын бақылауды күшейту және мемлекеттік қызметшілер арасында тиісті ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жандандыру қажеттігі атап өтілді.