
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы заңнамасын және Әдеп кодексін бұзудың алдын алу және болдырмау мақсатында 2026 жылғы 09 қаңтар күні Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданының Әдеп жөніндегі уәкілі Т.Қ.Сағитов ауылдық округ әкімдері және мемлекеттік мекеме басшылар арасында семинар-кеңес (zoom арқылы) өткізілді.
Семинар - кеңес барысында мемлекеттік қызметшілерге жалпыға бірдей қабылданған моральдық - этикалық нормаларды ұстануға ұсыныстар берілді, оның ішінде бұқаралық ақпарат құралдарында және қоғамдық кеңістікте субъективті, негізсіз не эмоционалдық мәлімдемелерге жол беруге тыйым салу; азаматтардың ар - намысы мен қадір - қасиетін қорлауды, қорлауды қамтитын пікір білдіру; мемлекеттік қызметке кір келтіретін іс-әрекет жасау, оның ішінде мемлекеттік қызметке кір келтіретін жеке және қызметтік емес іс – шаралар кезінде тыйым салынатыны туралы хабарланды.