
Жаңа жылдық мерекелер қарсаңында 2025 жылғы 23 желтоқсан күні Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданының Әдеп жөніндегі уәкілі Т.Қ.Сағитов ауылдық округ әкімдері (zoom арқылы) мен мемлекеттік мекеме басшылары арасында семинар-кеңес өткізді.
Семинар-кеңес барысында мемлекеттік қызметшілерге жалпы қабылданған моральдық-этикалық нормаларды ұстануға, мереке күндері қызметтік этиканы сақтауға, қоғамға жат мінез-құлық жағдайларына, оның ішінде қоғамдық орындарда адамның қадір-қасиеті мен қоғамдық имандылыққа нұқсан келтіретін масаң күйде болуға жол бермеуге ұсынымдар берілді.