Жұмыс сапарымен Солтүстік Қазақстан облысы Ғауез Нұрмухамбетов Уәлиханов ауданына барды, бұл осы өңірге алтыншы келуі. Көптеген жылдар бойы жол мәселесі өзекті болып келеді. Соңғы 30 жылда алғаш рет автомобиль жолдарын кешенді жөндеу жұмыстарын бастадық. Жөндеу ең проблемалы учаскелерден басталды. Атап айтқанда:
• Кішкенекөл – Бидайық бағытындағы жолдың 48 шақырымы жөнделді;
• Телжан - Мортық - Тілеусай - Қаратөрек жолының 60 шақырымы қалпына келтірілді;
• Чехов - Молодая Гвардия бағытындағы 26 шақырым жолға жөндеу жұмыстары жүргізілді;
• Көкшетау – Омбы республикалық жолының Даут пен Кішкенекөл елді мекендері арасындағы 57 шақырым учаскесінде, сондай-ақ Чкалов ауылы мен Ақмола облысының шекарасына дейінгі 54 шақырым аралықта жөндеу жұмыстары басталды.
Кішкенекөл ауылында бір ауысымда 250 адам қабылдай алатын, стационармен біріктірілген заманауи емхана науқастарды қабылдауға дайын. Жоба аясында стационар бөлімшесіне күрделі жөндеу жүргізілді. Барлық қажетті лицензиялық рәсімдерден өткеннен кейін медициналық нысан 2026 жылдың наурыз айында толыққанды жұмысын бастайды.
Аудан орталығында тағы бір IT-орталық ашылды. Бұл - SKO Hub негізінде құрылған екінші заманауи хаб. Орталық ауданның кадрлық әлеуетін қалыптастыруға және цифрлық экономиканы дамытуға серпін бермек.
Бүгінде аудан 100% орталықтандырылған ауыз сумен қамтамасыз етілген. Сонымен қатар, «Бәйтерек» қосалқы станциясында соңғы 67 жылда алғаш рет күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Жөндеу аяқталғаннан кейін халқы 4 мыңнан асатын 17 елді мекен тұрақты әрі үздіксіз электр энергиясымен қамтылады.
Жұмыс сапары барысында жаңартылған бірқатар әлеуметтік нысандарды аралап, ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерімен және аудан тұрғындарымен кездестім. Инфрақұрылымды дамыту, агроөнеркәсіп кешенін қолдау және халықтың өмір сапасын арттыру мәселелері талқыланды.