Кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның отырысы

Кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның отырысы

2025 жылғы 08 желтоқсан күні аудан әкімінің орынбасары Т.Қ.Сағитовтын төрағалығымен Уәлиханов ауданы әкімдігінің жанындағы кәмелетке толмағандардың ісі және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның отырысы өтті.

Күн тәртібінде келесі сұрақтар қаралды:

  1. Жасөспірімдерге консультациялық қызметтер көрсету, оның ішінде репродуктивті және жыныстық денсаулық мәселелері бойынша жұмыстарды ұйымдастыру туралы;
  2. Кәмелеткетолмағандармен профилактикалық жұмыста үкіметтік емес ұйымдардың жүргізіп жатқан жұмысы туралы;
  3. Өмірлік қиын жағдайға тап болған кәмелетке толмағандарды анықтау және әлеуметтік оңалту жөніндегі жұмысты ұйымдастыру туралы.

Күн тәртібіне сәйкес барлық мәселелер қаралып, хаттамалық ұсынымдар енгізілді.