Әйелдер және отбасылық – демографиялық саясатының істері жөніндегі комиссиясының отырысы

Әйелдер және отбасылық – демографиялық саясатының істері жөніндегі комиссиясының отырысы

Ағымдағы жылдың 12 желктоқсанда аудан әкімдігінің мәжіліс залында аудан әкімінің орынбасары Т.Қ.Сағитовтың төрағалығымен әйелдер және отбасылық – демографиялық саясатының істері жөніндегі комиссиясының мәжілісі өтіп, келесі мәселелер қаралды:

  1. Отбасы институтын нығайтуға, отбасылық құндылықтарды ілгерілетуге, репродуктивті денсаулықты нығайтуға, сондай-ақ гендерлік теңдікті ілгерілетуге бағытталған әлеуметтік жобаларды іске асыру;
    1. Уәлиханов ауданында халықтың репродуктивті денсаулығын қорғау жөніндегі шаралар туралы;
  2. Қолайсыз отбасылармен және тәуекел тобындағы балалармен жүргізілетін жұмыс туралы;
  3. Әйелдер мен балаларға қатысты тұрмыстық зорлық-зомбылық жағдайларының алдын алуға бағытталған жергілікті полиция қызметінің жұмысы туралы.

Отырыс қорытындысы бойынша қаралған мәселелер бойынша нақты ұсыныстар берілді.