
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы заңнамасын және Әдеп кодексін бұзудың алдын алу және болдырмау, сондай-ақ мемлекеттік қызметтің оң имиджін қалыптастыру мақсатында 2025 жылғы 24 қараша күні Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданының Әдеп жөніндегі уәкілі Т.Қ.Сағитов мемлекеттік қызметке алғаш рет қабылданған мемлекеттік органдардың басшылары мен мамандарымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы тыйымдар мен шектеулерді сақтау бойынша, мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп стандарттарын сақтауға және т.б. түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Әңгімелесу барысында мемлекеттік қызметке алғаш қабылданған азаматтарға заңнамада белгіленген шектеулер мен тыйымдарды ұстануға ұсынымдар берілді.