
Бүгін Уәлиханов ауданының әкімі төрағалығымен антитеррорлық комиссияның отырысы өтті. Отырыста жергілікті атқарушы органдардың басшылары, құқық қорғау құрылымдарының өкілдері және қауіпсіздікке жауапты ұйымдар қатысты.
Комиссияның бекітілген жұмыс жоспарына сәйкес терроризмнің алдын алу, халық көп жиналатын объектілердегі қауіпсіздік шараларын күшейту, ведомствоаралық өзара іс-қимыл және ықтимал қауіп-қатерлерді мониторингтеу бойынша төрт мәселе қаралды.
Аудан әкімі антитеррорлық қорғаныс талаптарын қатаң сақтау, қызметтер арасындағы ақпарат алмасуды уақытылы жүргізу және басшылардың өз нысандарындағы қауіпсіздікке жеке жауапкершілігін арттыру қажеттігін атап өтті.
Сонымен қатар, қатысушыларға экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл саласындағы заңнаманы, күдікті жағдайлар анықталған кезде әрекет ету алгоритмдерін және қауіпсіз мінез-құлық ережелерін білу бойынша тестілеу жүргізілді. Тестілеу нәтижелері қызметкерлердің құзыреттерін одан әрі арттыру қажеттігін көрсетті.
Отырыс қорытындысы бойынша уәкілетті қызметтерге алдын алу шараларын күшейту, қосымша нұсқаулық жүргізу және аудан аумағындағы жағдайды тұрақты бақылауда ұстау жөнінде нақты тапсырмалар берілді.