2025 жылғы 29 қазан күні аудан әкімінің орынбасары Т.Қ.Сағитовтын төрағалығымен Уәлиханов ауданы әкімдігінің жанындағы кәмелетке толмағандардың ісі және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның отырысы өтті.
Күн тәртібінде келесі сұрақтар қаралды:
- Ерте жүктіліктің алдын алу және кәмелетке толмағандарға жыныстық тәрбие беру туралы;
- Кәмелетке толмағандар арасында нашақорлық пен алкоголизмнің алдын алу бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы;
- Асырап алудың, қорғаншылықтың және қамқоршылықтың, патронаттық тәрбиенің жай-күйі туралы, тәрбиеленетін отбасыларда ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың тыныс-тіршілігі туралы есептер ұсыну.
Күн тәртібіне сәйкес барлық мәселелер қаралып, хаттамалық ұсынымдар енгізілді.