Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы заңнамасын және Әдеп кодексін бұзудың алдын алу және болдырмау, сондай-ақ мемлекеттік қызметтің оң имиджін қалыптастыру мақсатында 2025 жылғы 13 қазан күні Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданының Әдеп жөніндегі уәкілі Т.Қ.Сағитов мемлекеттік қызметке алғаш рет қабылданған Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігі білім басқармасының «Уәлиханов ауданының білім бөлімі» КММ қорғаншылық және қамқоршылық жөніндегі бас маманымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы тыйымдар мен шектеулерді сақтау бойынша, мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп стандарттарын сақтауға және т.б. түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Әңгімелесу барысында мемлекеттік қызметке алғаш қабылданған азаматтарға заңнамада белгіленген шектеулер мен тыйымдарды ұстануға ұсынымдар берілді.