Мемлекеттік қызмет институтын нығайту және азаматтардың мемлекеттік органдарға деген сенімін арттыру мақсатында 2025 жылғы 08 қарашада Уәлиханов ауданы әкімінің орынбасары, Әдеп жөніндегі уәкілі Т.Қ.Сағитов мемлекеттік органдардың мамандарымен қызметтік әдепті сақтау мәселелері бойынша семинар - кеңес өткізді.
Семинардың мақсаты – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметшілерге қойылатын қызметтік әдеп нормалары мен талаптарын түсіндіру, сондай-ақ мемлекеттік қызметшілердің құқықтық және әдептік сауаттылығын арттыру, қызметтік әдеп қағидаттарын бірыңғай түсінуді қамтамасыз ету және оларды бұлжытпай сақтау.
Әдеп жөніндегі уәкіл Т.Қ.Сағитов Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексінің ережелерін еске салып, ондағы талаптар әрбір қызметкер үшін міндетті екенін атап өтті. Ол адалдық, әділдік, азаматтарға құрмет, бейтараптылық және мемлекетке адалдық секілді қағидаттарға ерекше назар аударды.